Жол жүру ережесін бұзғаны үшін 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды

Miniatra Құқық

Жол жүру ережесін бұзға атыраулық азамат  100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.

Miniatra

Атырау қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 345-бабының 1-бөлігімен 1993 жылғы туылған сотталушы Ж.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

– Сотта анықталғандай, сотталушы 2018 жылдың наурыз айында басқаруындағы маркасы «Volkswaqen Polo» автокөлігін Атырау қаласы, Азаттық даңғылымен басқарып, №60 үйдің тұсында орналасқан бағдаршамның тыйым салынған түсінен өтіп, «Hyundai Elantra» автокөлігіне жол бермей соқтығыс жасаған. Нәтижесінде «Hyundai Elantra» автокөлігінің жүргізушісі орта дәрежедегі дене жарақатын және жолаушы жеңіл дәрежедегі дене жарақатын алған. Сот отырысында сотталушы қылмыстық теріс қылық жасағанын толықтай мойындап, жасаған әрекетіне өкініп, кешірім сұрайтынын, өзінің жұмыс жасамайтынын ескеріп, жеңіл жаза тағайындауды  сұрады, – дейді Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі

Сот үкімімен сотталушы 345-бабының 1-бөлігімен көзделген қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны 1 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отырып, оған 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енбеген.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз