Қазақ тілін жетік меңгерген филиппин азаматы қазақша ән салып, жұртшылықты сүйсінтті

NIS FACTOR The Best voices 270 Жаңалықтар

Atr.kz/20-ақпан. Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің математика пәні мұғалімі Фоман де Лакруз бірнеше жылдан бері қазақ тілін меңгеріп келеді.

NIS FACTOR The Best voices 270
Фоман де Лакруз

Қазір ол қазақ эстрадасындағы кез келген танымал туындыны жаттап алуға қабілетті. Аталған білім ордасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанға осыдан 5 жыл бұрын қызмет бабымен келген Фоман алғашында Қарағанды қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушыларға дәріс оқыған. Бүгінде Атырауда қазақ тілді өңірдің өзіндік ықпалы ма, әйтеуір азғантай уақытта шетелдік мейман ана тілімізді ауыз-екі тілде меңгерген. Ол әріптестерімен қазақ, орыс және ағылшын тілінде де сөйлеседі. Күнделікті жұмыста мемлекеттік тілді қолданатын мұғалім отандық эстарда әншілерін тыңдайды.

AktivInspaer 11 2

Оның репертуарында қазақ эстрадасындағы туындылар бар. Ерекшелігі де сол, филиппиндік мейман әндерді жатқа және табиғи дауыста орындайды. Ал, жуырда аймақтағы зияткерлік мектептің ұйымдастыруымен бесінші рет өткен «НИШ Фактор» музыкалық байқауында қазақша ән орындап, көпшілікті сүйсіндірді. – Музыкалық арналарда жиі жүретін әуенді жаттап аламын. Маған бір әнді жаттауға бар болғаны бір апта жеткілікті. Осылайша, мен өз репертуарыма жаңа қазақша әнді қосамын, – дейді Фоман де Лакруз.

Translyatsiya opyta matematikov 26

Талай мәрте қазақтың тойында көптің көңілін көтерген оның ұлттық өнерге деген құрметі ерекше. «Мен әріптестеріммен бірге тойда, ұжымдық думанда ән айтқанды жақсы көремін. Егер бірнеше ән айтсам, ең әуелі қазақ тіліндегі әндерден бастаймын. Содан соң орыс, ағылшын тілдерінде орындаймын. Бұл менің қазақ еліне, әнсүйер қауымға, өз әріптестеріме көрсеткен құрметім. Жалпы қазақтар өте дархан, бауырмал халық» дейді Фоман де Лакруз.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Суреттер: Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметінен

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз