Бағдаршамдағы «қосу» таңбасы нені білдіреді?

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/1 қараша, 2019 жыл. Атырауда жаңа жол белгісі орнатылды. Енді, күре жолдар қиылысатын тұстағы бағдаршамдардан қосымша «қосу» таңбасы жанады.

Бұл солға және оңға бұрылатын жүргізушілердің бағытын реттейді. Яғни, қосалқы қосу шамы жанғанда қарсы беттегі көлік легінің қозғалысы тоқтап, бұрылуға бағыт алған жүргізушілерге жол беріледі. Ал, бұл сигнал өшкен соң жол қозғалысы қалыпты режимде жалғасады. 

Қалалық ТКШ бөлімі баспасөз қызмет хабарлағандай, жаңа қондырғылар Баймұханов-Бейбарыс, Бейбарыс-Амандосов, Махамбет-Уәлиханов көшелерінің қиылысына қондырылған. Алдағы уақытта бұл белгілер Бейбарыс-Тайманов және Бейбарыс-Құрманғазы көшелерінің қиылысына да орнатылады.

Бастысы, қосалқы шам жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жүргізушілер бұрылыс кезінде реттілікті сақтап, көлік қақтығыстарының алдын алады.  

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *