Жемқорлыққа қарсы мәдениетті академиялық ортада қалай қалыптастыруға болады?

img 20200619 wa0038 Жаңалықтар

Аtr.kz/19 маусым, 2020 жыл. 17 маусымда «Академиялық ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында «Zoom» платформасында онлайн кездесу өтті.

Оған республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Тоқышевпен, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Атырау олысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Айдос Мамытпен, ҚР Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету депаратментінің басшысы Сатқан Есенғалиевпен, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Саламат Идрисовпен, Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова қатысты.

img 20200619 wa0039
img 20200619 wa0041

Кездесуді «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Альфия Адиева жүргізді. Веб-конференцияда Академиялық ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың жүргізілу барысымен тәжірибе алмасып, әдістемелік бағыт-бағдар ұсынылды. Сондай-ақ, алдағы оқу жылында қолға алынуы керек жобалар талқыланды.

Ал, Қайыржан Ахметбекұлы өзінің әдістемелік тәжірибесімен бөлісті. Сол секілді, университет атмосферасының өзгеруіне байланысты кенжелеп қалған тұстарға сын пікірлерін де білдірді. Соған қоса, өзара тәжірибе жинақтауға ниет білдірді. Орындалмай қалған істердің орнын толтыру үшін осындай ауқымды шара ұйымдастыруға ынталы болған университет ұжымына оң ойын жеткізіп, үлкен сенім білдірді.

«Atr-Ақпарат»

http://atr.kz/bez-rubriki/inderborda-karantin-zhariяlandy-kopirge-zhol-zhabyldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз