Жалпыға бірдей декларация: Кезең-кезеңмен жүргізу ұсынылды

20190401104401 Жаңалықтар

Atr.kz/1 сәуір, 2019 жыл. ҚР Қаржы министрлігі Жалпыға бірдей декларация тапсыруды кезең-кезеңімен енгізу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізді.

Қолданыстағы заңнамамен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары Жалпыға бірдей декларация тапсыруды енгізу көзделген. Осыған байланысты заңнамалық базаны, ақпараттық жүйелерді дайындау, уәкілетті органдардың деректер базасын өзектендіру, өңірлерде пилотты өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Жалпыға бірдей декларация тапсыруды кезең-кезеңімен енгізу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізді.

Бірінші кезеңде, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары декларация тапсыруды бастау ұсынылады.

Екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т.б. салаларды қоса алғанда) және олардың жұбайлары.

Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.

Төртінші кезеңде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – халықтың қалған санаттары. Бұл ретте атап өткен жөн, онда әр кезеңнің қорытындысы талданатын, проблемалық мәселелер анықталатын болады және заңнаманы, әдістемені және ақпараттық жүйелерді жетілдіру бойынша шаралар қабылданады.

Қазіргі уақытта жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңімен енгізу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына түзетулер дайындалуда. Олар Қазақстан Республикасының Парламентіне белгіленген тәртіпте ұсынылады

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз