Волга гидроэлектр бекетінің су ағызу кестесі жарияланды

img 20240404 wa0255 Жаңалықтар

Су ресурстарының федералды агенттігі 6 сәуірден 27 сәуірге дейін Волга гидроэлектр бекетінің су жіберу кестесін жариялады.

Kaspyinfo.ru сайтының мәліметіне сүйенсек, сәуірдің 6-сы мен 10-ы аралығында секундына 5500 текше метр су жіберіледі. Ал 11 сәуірден кейін ірі су тасқыны басталады. Бірінші тәулікте ағызу секундына 8 мың текше метрді құраса, күн сайын су қарқыны күшейіп, 23 сәуірде ең жоғары деңгейіне жетеді. 27 сәуірге дейін су жіберу секундына 26 мың текше метрді құрайды.

Ресей су ресурстарының хабарлауынша, бұл кесте гидрометеорологиялық жағдайға байланысты өзгертілуі мүмкін.
Малика ТӘКЕЖАНОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз