Қысқы Олимпиаданың ашылуын төрт арна тікелей эфирден көрсетпек

211027143955194e Жаңалықтар


4 ақпан сағат 18:00-де «Хабар», «Qazaqstan», «Qazsport» және «Elarna» телеарналары XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді.

Бұл туралы ҚазАқпарат АҚДМ сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен бірге, телеарналар қысқы спорттың ең танымал жарыс түрлері бойынша трансляциялар ұсынады. Телеарналардың шығармашылық тобы Бейжіңдегі түсірілім жұмыстарын бастады. Топ құрамында Сочи Олимпиадасынан ақпарат таратқан танымал журналист Жандос Айтбай, «Хабар» телеарнасының журналисі Амир Сәменбетов, «Qazsport» телеарнасының тілшісі Азат Қадырбек, операторлар Дәурен Жұрқабаев пен Есенбек Әкімбай бар.

2202031808163700g

Қысқы Олимпиададан отандық арналар 220-дан астам трансляция ұсынады. «Хабар» және «Elarna» 90-нан астам, «Qazaqstan» және «Qazsport» 130 трансляция көрсетеді. Жарыстарды тәжірибелі комментаторлар Аян Күшбаев, Рауан Оқас, Евгений Акманов, Ербол Каиров, Есей Жеңісұлы, Руслан Бақытжан, Тимур Сүлейменов, Сергей Райлян, Ерсін Ерікұлы, Уәлихан Қосанбай, Самат Қанағатов, Александр Олейник, Дидар Қадыров, Данила Малышев, Жігер Әзберген, Әсем Нұрланова, Лилиана Әлжанова және Индира Бектенова жүргізеді. Телеарналар әр жарыс күнінің қорытындысы бойынша Олимпиада күнделіктерін ұсынады. Телеэфирден бөлек, Олимпиада ойындарының телевизиялық трансляциялары арналардың ресми сайты, мобильді қосымшасы және youtube-арналарынан көрсетіледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз