Мақаттық жастар Африкадағы балаларға ауызашар берді

dlorpa Жаңалықтар

Мақаттық бір топ жас Африка еліндегі жетімдер үйіндегі балаларға ауызашар асын берді. 

Дастархан 60 балаға арналып жайылды. Ұйымдастыру жұмыстарын Африкадағы мұсылман халқына ауызашар беретін қор қолға алған. Мақаттағы 14 белсенді жас сол қорға ақша аударған. «Қасиетті Рамазан айындағы игі істердің төресі – ауыз аштыру.

«Африка мұсылмандары ауыздарын қара сумен ашатынын естігенде ас беру ойы туындады. Олардың күнкөріс деңгейлері өте төмен. Оның үстіне, елімізде ауызашар беріп жатқандар өте көп. Өңірлердегі әрбір мешітте де олар күнделікті тегін ұйымдастырылады. Аталмыш елдегі халықтың жағдайына қарап шүкіршілік етсек деген ой», – дейді ұйымдастырушылар.

maqat-tynysy.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз