Halyk мобильді қосымшасында әлеуметтік көмек алушыларға арналған жаңа қызмет іске қосылды

rfgh Жаңалықтар

Бүгіненнен бастап жұмыссыз ретінде тіркелген және атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған тұлғалар Halyk Homebank арқылы анықтама ала алады. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті деп, хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-Бұл қосымша әлеуметтік қолдаудың кейбір шараларын тез және оңай алуға көмектеседі. Атап айтқанда, жұмыссыздық туралы анықтамаларды тиісті органдарға жедел тапсыруға немесе сіздің атыңыздың атаулы әлеуметтік көмек алушылардың тізімінде бар-жоғын тексеруге мүмкіндік береді. Ақпаратты бірнеше минут ішінде алуға болады. Осылайша мекемелерге аяқтай жүріп қағаз тасу толығымен алынып тасталады, деді А.Мәмбетов.

Анықтаманы алу үшін Halyk Homebank қосымшасының «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне өтіп, «Ақпаратты» таңдап, қажетті қызметті белгілеу қажет. Ары қарай, алынған деректі дереу бөлісуге болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз