Биыл Атырау облысында 333 шақырым жол жөнделеді

17522227 270201393435724 339667506 o Жаңалықтар

Биыл Атырау облысында 333 шақырым жолға асфальт төселіп, жөндеу жасау жоспарланған. Аталған көрсеткіш былтырғыдан екі есеге артық болады. Бұл туралы бүгін Атырау облысында өткен облыстық Қоғамдық кеңестің отырысында белгілі болды.

17522227_270201393435724_339667506_o

Облыстың Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қайрат Нұртаев бұл мақсатта республикалық және облыстық бюджеттен болжамды құны 31,5миллиард теңге бөлу жоспарланып отырғанын баяндады.

Аталған 333 шақырым жолдың ішіне қалалық маңыздағы 250 шақырым және облыстық, аудандық маңыздағы жолдар мен көпірлер бар.

Айта кетелік, Атыраудағы облыстық және аудандық деңгейдегі 2000 шақырым жолдың 49 пайызы ғана тегіс, басым бөлігі қанағаттанарлық күйде. Биыл жол сапасының жақсару көрсеткіші 51 пайыздан асады деп жоспарланған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз