«Берекедегі» берекетсіздік тəртіп сақшыларының бақылауында

whatsapp image 2022 03 01 at 12.32.08 1 e1646131968726 Жаңалықтар

Халықпен тығыз қарым-қатынас орнату, ашық та айқынды жұмыс істеу, көпшілікпен бірге орын алып жатқан құқық бұзушылықтардың алдын-алу бүгінгі күні учаскелік полицейлерге қойылатын басты міндет.
Атырау қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары тұрғындар мен полиция арасындағы өзара кері байланысты нығайту мақсатында «Береке» ықшам ауданының тұрғындарымен кездесіп, пәтерлерді аралады.
Олар азаматтардан келіп түскен әрбір өтініш пен арыздарын жан-жақты тексеріп, шаралар қабылдауда. Осы аумақта орналасқан Пәтер иелерінің копперативтері мен тұрғындардың бірлесіп ашылған чаттарынан келген шағымдарға уақытылы ден қою назарда.
Қазіргі уақытта аталған ықшам ауданында жаңадан учаскелік полиция пунктін ашу жоспарланған.

Сонымен қатар, учаскелік инспекторлар халықпен тығыз жұмыс істейтін полицияның өкілі болғандықтан, әрбір үйлерді, кәсіпкерлік нысандарды аралап, тұрғындармен танысып, өздерінің ұялы телефондары жазылған визиткаларын, басқа да керек ақпараттары бар брошюраларын таратып, профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Есірткі қылмысына қатысты деректерді білсеңіз міндетті түрде 102 операторына хабарласыңыз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз