Атыраулықтар Фариза ақынды еске алды

adf1a868 27f6 4ec0 bf2b 95085b5395d4 Жаңалықтар

   Фариза Оңғарсынова қолына қалам ұстаған қазақтың қыз-келіншектерін айналасына жинап, жылы сөздерін, тиісті ақыл-кеңестерін аямайтын. Бүгін ақынның шәкірттері, артынан ерген сіңлілері, атыраулық ақын,жазушылар мен зиялы қауым өкілдері поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың ескерткішіне тағзым етіп, құрмет көрсетті. 

7059c1c3 9a1a 42c0 922c 8e1679964c68

 Көрнекті ақын, белгілі Мемлекет және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Халық Жазушысы Фариза Оңғарсынқызының дүниеден озғанына10 жыл толуына орай гүл шоқтарын қою рәсімі кезінде ақынның курстасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Қадір Жүсіп «асқақ рухты ақын еді» деп еске алды. 

 – Фариза дара дарын иесі болатын-тұғын. Әр туындысымен оқырман жүрегін еріксіз жаулап, баурап алатын. Оның шығармаларының ерекшелігі сол, өлеңдерінде өрлік мінез, ерекше рух байқалады. Ол қашан да шындықты, әділдікті ту етіп өтті. Фариза қазақ поэзиясына көп жаңалық алып келді. Ол-қазақ поэзиясындағы Жанна Д, Арк.

e7183cb6 8fcb 4e3c 8033 f8772fded40b

  Ертеректе ерлер поэзиясы, әйелдер поэзиясы деп араға шекара қойылған еді. «Поэзияда айырмашылық болмау керек, поэзия ерлерге де, әйелге де ортақ» деп   қытай қабырғасын тұңғыш рет бұзған Фариза Оңғарсынқызы еді. Ол алғашқы қалам ұстаған сәттен бастап өле-өлгенше, қара жердің қойнына кіргенше халқының құрметіне бөленді. Фариза өзінің өмір тірлігінде де дәл осы биікте тұрды, дәл осы дәрежеде болды. Өлеңде де өзінің биігінен төмендеген жоқ,- дей келе қазақ поэзисының падишасына деген құрметін жеткізді.

7d60d5f7 9c93 4193 b8bf 694e5175525c

  Расында, уақыт өткен сайын шын шығармашыл өкілдерінің есімдері ғасырлардан асып өмір сүріп, ұрпақтан-ұрпаққа беріле береді. Өйткені, тау алыстаған сайын жақындай түседі…  Ал, Фариза ақын өзінің ұлы даланың перзенті, дархан даланың ұлағатты қызы, асқақ рухты ақын екенін дәлелдегелі қашааанннн! 

Рита ӨТЕУҒАЛИ,

Суреттердітүсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз