Атыраулық инфекционист қызылшаның қандай ауруларды асқындыратынын айтып берді

img 3875 Жаңалықтар

 Облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс дәрігер-инфекционисті, №2 Атырау облыстық ауруханасының директоры Надя Ерғалиева қызылшаның әсіресе, балалар мен жүкті әйелдерде ауыр өтетінін жеткізді, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

img 3873 1

Пневмония, менингит, артрит секілді ауруларды асқындырып, денсаулықтың нашарлауына әкелетінін қаперге берді.

–Қызылша – ауруы жедел вирустық инфекция. Оның вирусы өте ұшпалы. Егер қызылшаға қарсы екпе алмаған, бұрын осы аурумен ауырып кетпеген, науқаспен байланыста болған адам болса ол індетті 100 пайыз жұқтырып алады. Ондай жағдайда қызылша жұқтырған адамның жанында екі-ақ миннут тұрудың өзі жеткілікті. Бұл инфекцияның жасырын яғни, инкубациялық кезеңі 7-21 күн аралығында болады. Алғашқы клиникалық белгісі кәдімгі жедел вирустық инфекциялар секілді жөтел, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, бас ауруы секілді белгілермен басталады. Тек соңғы күндері ғана қызылшаға тән ұрттың ішкі бетінде ағарған нүктелер мен тамақта қызыл бөрітпелер  пайда болады. Ауырғаннан бастап 5-ші күнді «бөрітпе» кезеңі дейміз. Бұл кезде науқастың денесінде бөрітпе пайда болады. Ол бірінші құлақтың артында, сосын бетте пайда болады. Ұсақ бөрітпелер әртүрлі формада болып, бір-біріне қосылып кетеді. Кейін кеуденің жоғары тұсымен аяқ пен қолға қаптап кетеді. Аурудың бұл кезеңдерінің барлығы дене қызуының көтерілуімен өтеді, – деді дәрігер.

Дәрігер қызылшаға қарсы екпе алған адамның бұл дертпен мүлде ауырмайтынын немесе жеңіл өткеретінін айтты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз