WhatsApp Image 2019 07 05 at 11.58.58 1

Атырауда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Жаңалықтар Шаһар шырайы

Atr.kz/22 шілде, 2019 жыл. Енді Атыраудың бірқатар көшелерінде көлік қозғалысына бір айлық шектеу қойылады.

«Атырау әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына Бейбарыс даңғылында жол жаңғырту жұмыстары жүргізілуіне байланысты 20 шілде мен 20 тамыз аралығында көлік қозғалысы шектелетінін ескертеді. Шектеу Махамбет көшесінен Амандосов көшесіне дейін, Бейбарыс даңғылында, Тәңкібаев, Панфилов, Полынин және Аманшин көшелерінде енгізілген. Уақытша қиындықтар үшін кешірім сұрап, түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз», – деп мәлім етті Атырау қаласының әкімдігі.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған