Атырауда 13 адамнан ақша алып алдап кеткен жас жігіт қолға түсті

news full1589254688060f4e3e54473766939865ffcf68b9f4 Жаңалықтар

Өскемен қаласының тұрғыны 13 атыраулықтың ақшасын алдап алған, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі «Қазақпаратқа» сілтеме жасай отырып.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, «Anti-fraud» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Шығыс Қазақстан облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталған.

«Ол Атырау қаласының тұрғындарын азық-түлік жеткіземін деген сылтауымен «Яндекс такси» қосымшасы арқылы алдап, алаяқтық жолымен ақшасын иемденген. Қазір күдіктінің интернет-алаяқтықтың 13 эпизодына қатысы бар екені дәлелденді. Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы, 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз