Атырау құрамасы алғаш рет чемпион атанды!

img 20220224 wa0214 Жаңалықтар

Тұңғыш рет тарихта Атырау облысының құрамасы өрт сөндіру-құтқару спортынан қысқы ХХХ-шы чемпионатта ЧЕМПИОН атанды.

2022 жылдың 23 ақпанынан бастап Өскемен қаласында XXX-ші ерлер қысқы чемпионаты, VIII-ші әйелдер және VII жасөспірімдер чемпионаты басталды, оған республиканың барлық аймақтарынан 18 ерлер командасы, 13 жасөспірімдер және 11 әйелдер командалары қатысуда.

Республиканың түкпір-түкпірінен 400-ден астам спортшы кәсіби шеберлігін арттыру үшін, адам өмірін құтқару кезінде дағдыларын жетілдіру үшін бақ сынады.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті гарнизонының намысын 26 спортшы, ерлер (12 спортшы), әйелдер (7 спортшы) және жасөспірімдер (7 спортшы) құрамасы қорғады. Оның құрамында Қазақстан Республикасының рекордсмендері және республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

23 ақпанда Чемпионат оқу мұнарасының 4 қабатына шабуыл сатысымен көтерілу сайысынан басталды.

ҚР ХХХ-шы ерлер қысқы чемпионаты өрт сөндіруші спортшылардың физикалық дайындығы өте жоғары екенін көрсетті.

Тұңғыш рет өрт сөндіру-құтқару спортынан жалпыкомандалық есепте Атырау облысының құрамасы ЧЕМПИОН атанды.

Жеке жарыста халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Атырау облысының аға жаттықтырушысы, оқу мұнарасының 4 қабатына шабуыл сатысымен көтерілу сайысынан 9 дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы ҚАЙСАРБЕКОВ ЖАСҰЛАН екінші орынға ие болды.

24 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің базасында кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту сайысынан МАҒАУ НҰРАЛЫ (Атырау қаласы) жоғары нәтиже көрсетіп, жартылай финалда бақ сынады.

«Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз