«Atyrau Oil&Gas» көрмесіне облыс әкімі Cерік Шәпкенов қатысты

imgl6839 Жаңалықтар

Атырауда Солтүстік Каспий аймақтық «Atyrau Oil&Gas» дәстүрлі көрмесі бастауын алды.

Биыл 20-шы мәрте өткізіліп отырған мерейтойлық шараға 80-нен астам компания қатысып отыр. Оның ішінде 30-ға тарта кәсіпорын басқосу алаңында алғаш рет өз өнімдерін ұсынуда. Ірі мұнай-газ компаниялары мен бизнес өкілдері жүздесіп, серіктестер табатын маңызды жүздесу алаңын облыс әкімі Серік Шәпкенов аралады.

imgl6981

Биыл ұжымдық экспозицияда Пермь өлкесінің экспортын қолдау орталығы өзінің жаңа әзірлемелерін ұсынған. Жыл сайынғы қатысушылар қатарында АтырауНефтеМаш, Gateway Ventures (СА) LTD, Kazintrust, Aksa Jenerator Sanayi A. S., Горэлтех Зауыты, Kulan Oil, Tascom Supply&Services, Autodom Масһіпегу сияқты ірі компаниялар бар.

imgl7191

Көрме түрлі маңызды шаралармен жалғасады. Petrocouncil компаниясының Атырау облысының мұнай-газ саласын дамыту мәселелері бойынша инвестициялық сессиясы, сондай-ақ Теңізшевройл, Каспий Құбыр Консорциумы, Ембімұнайгаз, Testing & Inspection Technology, Brücke energy, Hikvision, «ЭнергоИнновация» Энергетикадағы инновациялық кәсіпорындар қауымдастығы сияқты сервистік  және  ірі салалық компаниялардың семинарлары мен мастер-кластары өтпек.

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз