СҮЙІНШІ! «Атырау» волейбол командасы — ел чемпионы!

img 20220417 wa0070 Спорт

«Атырау» волейбол командасы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 12-17 сәуір аралығында Тараз қаласында XXX ерлер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Ұлттық Лигада Атырау облысының командасы жеңімпаз атанды.

Ақтық сында жерлестеріміз «Есіл» командасын 3:0 есебімен ұтты. Атыраулық команда соңғы рет 2018 жылы ел чемпионы атанған болатын.

«Атырау» волейбол командасы 2000 жылы құрылды. Жергілікті команда ел чемпионатында жылма-жыл тұрақты түрде жүлдегерлер қатарынан көрініп келеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз