Спорт
Париж Олимпиадасының басталуына 100 күн қалды
2024 жылғы Париж Олимпиадасының басталуына 100 күн қалды. Осыған орай Olуmpic.kz интернет ресурсы алдағы ойындар туралы 100 деректі жариялады. Біз де аталған мәліметтерді оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.
- Париж қаласы Олимпиада ойындарын соңғы 100 жылда алғаш рет қабылдағалы отыр. 1924 жылы махаббат қаласында жазғы ойындар өткізіліп, кейін тек қана қысқы Олимпиада ойындары ұйымдастырылды.
- 1900 жылы Париж тарихқа енді. Сол жылы Олимпиада ойындарында тұңғыш рет әйелдер бақ сынады.
- Францияда Олимпиада ойындары алтыншы рет өткелі отыр.
- Париж ойындары соңғы 12 жылда Еуропада өтетін алғашқы Олимпиада болмақ.
- 2024 жылы алғаш рет брейкингтен медальдар таратылады. Жүлденің біріне Қазақстан да үмітті болуы мүмкін.
- Серфинг додасы Францияның материктік бөлігінде емес, Таити аралында өтеді.
- Париж пен Таити арасы 15 700 шақырымды құрайды, бұл Олимпиада ойындарының рекорды. Бұған дейін ешбір жарыс Олимпиаданы қабылдаушы қаладан соншалықты алыс өткен емес.
- Тарихта тұңғыш рет Олимпиада және Паралимпиада ойындарының бойтұмары бірдей болмақ.
- Тағы бір тарихи сәт – әуесқойлар арасындағы марафон. Бұл жарыс олимпиадалық тас жолда және соған сай талаптар бойынша өтеді. Мұндағы айырмашылық жүгіру жарысы өтетін уақытта ғана.
- Париж жазғы Олимпиаданы үшінші рет қабылдайтын екінші қала. Бұған дейін Лондон жазғы ойынды үш рет өткізген.
- Франция билігі 2024 жылғы Олимпиаданы өткізу үшін 8 миллиард еуродан артық қаражат бөлуді жоспарлаған.
- 2024 жылғы Олимпиада ойындарының ұраны: «Кеңінен ашық Ойындар».
- Ойынның бойтұмары — Фриги есімді фригиялық қалпақ.
- Олимпиада ойындарының эстафетасы сәуірде басталып, Францияның барлық департаменттері арқылы өтеді.
- Алау Грекиядан Францияға қайық арқылы жеткізіледі.
- Алау құтысының жобасын танымал дизайнер Маттье Леанер жасап шығарған.
- Алау құтысының төменгі бөлігі аққайнар түсті болаттан дайындалды.
- Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тағатын медальдің басты ерекшелігі – әйгілі Эйфель мұнарасының бөлшегі. Бұл барлық жүлдеде болады.
- Парижде алғаш рет Халықаралық спорттық федерация жеңімпаздарға сыйақы тағайындайды. Мұндай бастаманы әлемдік жеңіл атлетика ұйымы көтеріп отыр. 48 дисциплинаның бірінде жеңіске жеткен әрбір атлет World Athletics тарапынан 50 мың доллар көлемінде сыйақы алады. Эстафетада бұл соманы команданың әрбір қатысушысы өзара бөліп алады.
- Парижде спорттың 32 түрінен медальдар үлестіріледі.
- Мұндағы жаңашыл бастамалардың бірі – жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жеңісті бүкіл әлем жанкүйерлерімен бірге атап өтуі. Шеру Эйфель мұнарасына жақын жерде өтеді.
- Жарыстарды өткізу үшін 35 спорт нысаны жұмыс істейді.
- Жазғы ойындарды Ле-Ивелин, Сена мен Марна, О-де-Сен және Сена-Сен-Дени департаменттері қабылдайды. Футбол матчтары Бордо, Нант, Лион, Сент-Этьен, Ницца және Марсель қалаларында өтеді.
- Жарыс бағдарламасынан карате, бейсбол және софтбол сынды спорт түрлері алынып қалған.
- Ойын кезіндегі басты стадион «Стад де Франс» болмақ. Аталған стадионда салтанатты рәсімдер, сондай-ақ, жеңіл атлетика мен регбиден жарыстар өткізіледі.
- Олимпиаданың ашылуы Сена өзенінде өтеді.
- Спортшылар шеруі өзен үстінде өтеді. Әрбір делегация жекелеген қайықпен жүзеді.
- Спортшылар шеруіне 10 500 атлет қатысады деп күтілуде.
- Делегациялар жүзіп өтетін бағыт алты шақырымды құрайды.
- Тікелей көрсетілім үлкен 80 экранда көрсетіледі.
- Шеру кезінде 160-тан астам қайық қолданылады.
- Сена өзенінен алысырақ жерлерге көрермендер тегін кіре алады.
- Ашылу салтанатын жақын маңнан тамашалау үшін 2,7 мың еуро көлемінде қаражат төлеу керек.
- Олимпиадалық ауылда 8 876 ағаш отырғызылды.
- Франциядағы Олимпиадаға қатысты іс-шараларды жіберіп алмау үшін «Ойын картасы» іске қосылады. Аталған карта 2024 жылғы жазғы ойындардың ресми сайтында қолжетімді болмақ.
- Олимпиада кезінде қонақжайлылық пакеті аясында Clubhouse24 бағдарламасы іске қосылады. Туристерді спорттық және мәдени іс-шаралар, үлкен экрандардан жарыстардың тікелей трансляциясы, спортшылармен тілдесу сәттері күтіп тұр.
- 2024 жылғы Олимпиада ойындарында 200 Clubhouse24 алаңқайы жұмыс істейді.
- Олимпиада кезінде 3000 террасаның жұмыс уақыты ұлғайтылады. Бұларды түн ортасына дейін пайдалануға болады.
- Афинада Олимпиада алауын жағу рәсіміне жаңа діни қызметкер таңдалды. Бұл рольді актриса Мэри Мина атқарады.
- Олимпиада алауы 16 сәуірде жағылады.
- Париждегі Олимпиада алауының қазаны Тюильри саябағында орнатылады.
- Олимпиада ойындарының ашылуы күні Париждегі әуе кеңістігі жабылады.
- Олимпиаданың өтуіне байланысты Париждегі кейбір көпірлер жұмыс істемейді.
- Әйгілі «Ролан Гаррос» стадионы теннистен олимпиадалық жарыстарды қабылдайды.
- Олимпиадалық ауылда 2500-ге жуық үйлер салынды.
- Ойын кезінде аталған ауыл 14 500 атлетті сыйдыра алады.
- Спортшылар үшін олимпиадалық ауыл аймағында ауқымды саябақ қолжетімді болмақ. Саябақтың аумағы үш гектардан асады.
- Билік өкілдеріне қауіпсіздікті сақтау үшін жасанды интеллект көмектеседі.
- Олимпиада ойындары басталғанға дейін біршама уақыт жағалауда тек қана арнайы QR-код арқылы жүруге болады.
- Олимпиада ойындарының ашылуы күні Париж уақытымен 13:00-де барлық қозғалыс қатаң бақылауға алынып, кейін тоқтатылады.
- Париж Олимпиадасын бір миллиард көрермен тамашалайды деп күтілуде.
- 2024 жылғы Олимпиада ойындарының құрметіне нарғызгүлдің арнайы сорты енгізілді. Гүлдер француз бақтарының басым бөлігіне отырғызылады.
- Жарысқа билетті адам қолынан сатып алуға болмайды. Ресми түрде спорттық жарысқа кіру үшін арнайы сайттарды қолданасыз.
- Сарапшылар 2024 жылғы Олимпиада ойындарының жалпы есебінде АҚШ топ жарады деп болжауда. Екінші орында — Қытай, үшінші орында – Франция.
- Қазақстан сапынан Париж Олимпиадасының алғашқы лицензиясын нысана көздеуден Қазақстан құрамасының мүшесі Ислам Сәтпаев жеңіп алды.
- Ойынды ұйымдастыру ісіне 44 мың ерікті тартылған.
- Бар әлемнен 26 мың журналист аккредитация алған.
- Көрермендер үшін 13,4 миллион билет қолжетімді.
- Футбол мен регби матчтары Олимпиаданың ашылу салтанатына бірнеше күн қалғанда басталады.
- Жаз айларында метрода жүру бағасы өзгеріп, екі есеге дейін көтеріледі.
- Олимпиада ойындарында экологияға басты назар аударылған.
- Олимпиадаға арналған құрылыс нысандарының 95 пайызы уақытша немесе дайын нысандар базасында салынған. Бұл қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатында жасалуда.
- Алдағы Олимпиаданың басты идеяларының бірі – спортқа мейілінше көп адам тарту. Осы мақсатта Clubhouse24 аясында жанкүйерлер мен туристерге арналған жаттығулар, сондай-ақ, спортшылармен тілдесу мүмкіндігі қолжетімді болады.
- Олимпиадалық ауыл 2021 жылдан бері соғылды.
- Олимпиадалық ауылды 2024 жылғы ойындардың басталуына бес ай қалғанда ашты.
- Спортшылар олимпиадалық ауыл ішінде велосипедтермен және тәулік бойы жұмыс істейтін арнайы шаттлдар арқылы жүре алады.
- Айтпақшы, олимпиадалық ауылды Франция президенті Эммануэль Макронның өзі ашты.
- Олимпиадалық ауылдағы асханада күніне 40 мың тағам әзірлейді.
- Париж метроларындағы музыканттар Олимпиада кезінде жұмысын атқаруға рұқсат беретін бейдж алу үшін арнайы тыңдалымнан өтті.
- Парижде 6100 көше бар. Оның ең кішкентайы 5 метрден сәл асады.
- Ашылу және жабылу салтанатының көркемдік жетекшісі – Томас Джолли.
- Ойынның ашылу салтанаты Сена өзенінде өтсе, жабылу салтанаты «Стад де Франс» стадионында жоспарланған.
- Джолли 2022 жылы әйгілі «Стармания» мюзиклін, 2023 жылы «Ромео мен Джульеттаны» қойды.
- Жарыс нәтижелері мен басқа да іс-шаралардан хабардар болу үшін Paris2024 арнайы қосымшасы жұмыс істейді. Қосымшаны ХОК пен Олимпиада ойындарының ресми сайттарынан көшіріп алуға болады.
- Гандбол мен садақ атудан жарыстар Олимпиада ашылуына бірнеше күн қалғанда басталады.
- Алғашқы жүлделер 27 шілдеде сарапқа салынады.
- Олимпиаданың соңғы жарыс күнінде тоғыз спорт түрінің өкілдері жүлдеге таласады.
- Спортшылар 329 жүлде жиынтығын сарапқа салады.
- Бокс бәсекелері де теннис секілді «Ролан Гарроста» өтеді.
- Ат спорты мен қазіргі бессайыс өкілдері әйгілі Версаль сарайындағы бақта сынға түседі.
- Олимпиада қарсаңындағы соңғы лицензиялық турнирлер 23 маусымда өтеді.
- Марафон Париждегі көптеген танымал жерлерде өтеді. Бағытты таңдау барысында ұйымдастырушылар Версальдағы Әйелдер маршынан шабыт алған.
- Бір қызығы, ойынның жабылуына бір күн қалғанда ерлер арасындағы марафон өтеді. Әйелдер жеңіл атлетикадан жарыс бағдарламасын аяқтайды.
- Олимпиада кезінде билік өкілдері көшедегі кітап сөрелерін алып тастауды жоспарлаған. Алайда, кейін букинистердің кітап сатуына рұқсат берді.
- Қонақүй номерлерінің бағасы үш есеге өсті.
- Парижде даңқты боксшы Мэнни Пакьяо сынға түсуі мүмкін еді. Алайда, оның жасы сай келмейтіндіктен, ХОК келісім берген жоқ.
- Париж мэрі Анн Идальго Олимпиада ашылуының алдында Сена өзенінде шомылуға уәде берді. Ел астанасындағы басты өзенде шомылуға су сапасының нашарлығына байланысты 100 жылдай уақыт бұрын тыйым салынған. Қазіргі таңда өзен суы тазаланып жатыр, себебі, Олимпиада кезінде триатлондағы суда жүзу кезеңі тап осы Сенада өтеді.
- Кейбір дереккөздер мен инсайдтарға сенсек, жүзуге Франция президентінің өзі де қатысуды жоспарлап отыр.
- Туристерге жергілікті мәдениетпен танысуға көмектесетін көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады.
- Мұражайларда Олимпиада ойындарына арналған арнайы көрмелер жұмысын бастайды.
- 2024 жылғы Олимпиада ойындарының жарыстары Париждегі көптеген танымал орындарда өткізіледі. Мәселен, Марсово алқабы, Үлкен сарай, Мүгедектер үйі, Келісім алаңы, Версаль сарайы, «Ролан Гаррос».
- «2024 жылғы ойын Аумағы» бағдарламасына 1130 елшілік қатысады. Жоба шетелде тұратын француз азаматтарының басын біріктіріп, әр адамға Олимпиада рухын сезіндіруге арналған.
- Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 26 шілдеде өтеді.
- Олимпиаданың жабылу салтанаты 11 тамызда өтеді.
- Париждегі ойындар 33-жазғы Олимпиада саналады.
- Жабылу салтанатында эстафетаны АҚШ-қа жолдайды. 2028 жылғы жазғы Олимпиада Лос-Анджелесте өтеді.
- Франция соңғы 100 жылда Олимпиаданы алғаш өткізетінін айттық. Пьер-де-Кубертен Олимпиада ойындарын дайындаған сәттен бастап та сонша уақыт өтті.
- Парижде Олимпиада ойындарының ресми дүкендері жұмысын бастады. Туристер түрлі кәдесыйлар, киімдер және ойыннан естелік болатын басқа да аксессуарлар сатып ала алады.
- Олимпиада медалі мен құтыларды тасымалдауға арналған кейстерді Louis Vuitton Сән үйі дайындаған.
- Қауіпті адамдардың спорт нысандарына кіруіне жол бермеу үшін мамыр айынан бастап жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге арналған арнайы платформа жұмыс істейді. Рұқсат етілмеген адамдардың «қауіпсіздік периметріндегі» ареналар мен көпірлерге кіруіне тыйым салынады.