Шайбалы хоккейден әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды

68537ddd 0b4f 46e0 83f7 bca158904fdc Спорт

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

17-23 сәуір аралығында Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында бірінші дивизионның В тобында шайбалы хоккейден әйелдер арасында әлем чемпионаты өтеді.

Ел құрамасы Ұлыбритания, Польша, Словения, Италия және Оңтүстік Корея хоккейшілерімен А тобына жолдама алу үшін сайысады. Жоғары дивизионға жеңімпаз көтеріледі.

Бапкерлер құрамы дүбірлі додаға 23 ойыншыны алып барады. Олардың қатарына 3 қақпашы мен 20 ойыншы енген.

Қазақстан құрамасының ойыншылары төмендегіше:

Қақпашылар: Дарья Дмитриева, Полина Говтва (екеуі де – «Торпедо», Өскемен) Арина Щеколова («Томирис», Астана)

Қорғаушылар: Юлия Буторина, Анастасия Дубровская, Катрин Мескини (барлығы – «Торпедо», Өскемен), Алина Иванченко, Анна Пяткова, Мәдина Тұрсынова (барлығы – «Айсұлу», Алматы), Жанель Қозғұлова, Дария Молдабай (барлығы – «Томирис», Астана)

Шабуылшылар: Малика Алдабергенова, Татьяна Королева, Лариса Свиридова (барлығы – «Айсұлу», Алматы), Пернеш Әшімова, Александра Голотвина, Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова (барлығы – «Томирис», Астана), Мадианна Нүсіпова («Жұлдыз», Алматы), Дильназ Саяхаткызы, Мунира Саяхаткызы, Карина Фельзинк (барлығы – «Торпедо» (Өскемен).

Қазақстан құрамасының ойын кестесі:

17 сәуір. 09:15. Ұлыбритания – Қазақстан

18 сәуір. 09:15. Қазақстан – Словения

20 сәуір. 12:45. Италия – Қазақстан

22 сәуір. 16:15. Қазақстан – Польша

23 сәуір. 12:45. Қазақстан – Оңтүстік Корея.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз