Садақ атудан республикалық чемпионат өтті

screenshot 3 1 Спорт

Елімізде тұңғыш рет дәстүрлі садақ атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасында өткен айтулы бәсекеге 200-ден астам садақшы қатысты.

Мергендердің қатарында атыраулық 18 садақшы сәтті өнер көрсетті. Өңірде ата өнеріміздің жандануына үлес қосып жүрген Марат Бексұлтан басқаратын «Батухан жебесі» федерациясы бұл бағытта үлкен еңбек сіңіріп келеді. Тартысты өткен жарыстың нәтижесінде облыстың намысын қорғаған жасөспірімдер командасы 3 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлдеге ие болса, ересектер командасы 1 алтын, 2 қола жүлдеге қол жеткізді.

screenshot 4 1

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін күтіп алу салтанатында облыстағы садақ ату өнерінің негізін қалаушылардың бірі Мұрат Ғабдусәлимов аз ғана уақыттың ішінде федерацияның жоғары нәтижеге қол жеткізгенін айтып, жүлдеге ие болған мектеп жасындағы садақшылардың жеңістері жалғасын табуына тілек білдірді.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз