ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРА ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР – ФИНАЛДА

img 1056 Спорт

Ханчжоуда (Қытай) Азия пара ойындары өтіп жатыр. Волейболды отырып ойнаудан Қазақстанның ерлер құрамасы ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

 Жартылай финалда Бауыржан Тахауовтың шәкірттері Қытай командасымен алаңға шығып, 5 партияда (25:22, 25:19, 22:25, 16:25, 15:13) есебімен жеңіске жетті.

img 1055

Финалда Қазақстан мен Иран бас жүлдені сарапқа салады.

img 1057

Айта кетейік, Астанада өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Қытай командасын дәл осындай есеппен ұтып, Парижде өтетін паралимпиада ойындарына жолдама ұтып алды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз