Қазақстандық гимнастшылар Ташкентте өткен Әлем кубогында екі медаль жеңіп алды

757575785 Спорт

Ташкентте өткен көркем гимнастикадан Әлем кубогында Қазақстан құрамасы екі жүлдеге ие болды. Спортшыларымыз командалық жарыста күміс және қола медаль ұтып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық көркем гимнастшылар шығыршық жаттығуының финалында 28,15 ұпаймен екінші орынға ие болды. Қазақстан құрамасы сапында Айдана Шаяхметова, Әсел Шүкірбай, Аяулым Қадір, Аружан Қасенова, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман өнер көрсетті.

Алтын медаль Қытай елінен келген жеңіл атлеттерге бұйырды. Олар 33,40 ұпайға ие болған еді. Қола өзбекстандық гимнастшылардың еншісінде кетті (27,95 ұпай).

Сондай-ақ біздің команда лента, доп жаттығуларында 26,15 ұпай жинап, қола жүлдегер атанды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз