Президент жасөспірімдер Олимпиадасының тұңғыш чемпионын жеңісімен құттықтады

img 5119 Спорт

Канвонда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада тұғырдан шаңғымен секіру спортынан Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алған Илья Мизерныхты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтулы жеңісімен құттықтады.

«Мемлекет басшысы чемпионның әлі де талай жеңіс тұғырынан көрініп, биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Канвондағы додаға қатысып жатқан отандық споршыларға табыс тіледі»,-деп жазды өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Фото Илья Мизерныхтың Инстаграм парақшасынан алынды

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз