Футзал: Қазақстан Нидерланд құрамасын жеңіп, әлем чемпионатына жолдама алды

img 3189 Спорт

Қазақстан құрамасы футзалдан Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі aqorda.kz-ке сілтеме жасап.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен ойында Игита бастаған футзалшылар Нидерланд құрамасын 2:0 есебімен жеңді.

img 3187

Кездесудің 1 минутында  Біржан Оразов командасын алға шығарса, 7 минутта Дуглас Джуниор есепті еселей түсті. Ойынның екінші бөлігінде гол соғылған жоқ. 

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы 20 желтоқсан күні Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынын Румынияға қарсы өткізеді. 

img 3183 1

Айта кетейік,  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев футзалдан Қазақстан мен Нидерланд арасындағы ойынды тамашалауға келген болатын. Президентпен бірге Ұлттық құрамаға белгілі тұлғалар кәсіпқой бокстан WBO, IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы, ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев және қақпашы Игорь Шацкий да қолдау білдірді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз