Байдарка мен каноэ есуден қала чемпиондары анықталды

ff6c35ff 727e 44dc b5a2 8d70c528971e Спорт

Атыраулықтар қала күнін кең көлемде атап өтті. Қала күніне арналған байдарка мен каноэда ескек есуден қалалық турнир өтіп, оған 50-ден астам спортшы қатысты.

​Жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар Атырау облысы құрама командасының сапына алынып, олимпиадалық резервті дайындау орталығына қабылданады. Жайық жағасында өткен жарыста Руслан Емуранов пен Никита Балдин екі аталым бойынша үздік нәтиже көрсетсе, Азамат Асқарұлы, Сәбилә Баялы, Альмира Қадырбайлар екі аталым бойынша I-II орындарға ие болды. Тимур Саматұлы екі аталымнан да II орынға табан тіреді. Ал, Дмитрий Богачкин екі аталым бойынша I-II орынға қол жеткізді. Арсен Қадырбай мен Кирилина Емуранова III орындарға табан тіреді.

96d46668 0520 407e 8349 5bc947dcedde

​– Аталған жеңімпаз және жүлдегер спортшылар 2008 жылы туған және одан кіші ескекшілер арасындағы және 2006-2007 жылы туған спортшылар арасында өткен Қазақстан чемпионатына қатысып, жүлделі орындарға ие болған жас өрендер. ​Сондай-ақ, бұл спорт түріне қатысып жатқанына бір жыл толған бірнеше спортшы «Спорт шеберлігіне үміткер» разрядын орындағандар, – деді жарыстың бас төрешісі Николай Богачкин.

c2043bee 2539 4fc9 8f52 19f5424de0db

​Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы Самат Емберген бұл спорт түріне облыс және қала әкімдігінің қолдауы артқанын айтып, қатысушыларды қала әкімінің атынан құттықтап, сәттілік тіледі.

​Айта кету керек, облыс тарихында ескек есу спортының өзіндік орны бар. Қазақстандағы байдарка мен каноэ спортының іргетасы Атырау қаласында қаланған.

Алмас ҚАБДОЛТЕГІ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз