Атыраулық таеквондошы қыздар халықаралық турнирде топ жарды

img 1550 Спорт

«Open Asian Taekwondo Championship G-2» халықаралық турнирінде атыраулық спортшы қыздар әйелдер арасындағы командалық есепте I орынға ие болды. 

1-5 қараша аралығында Пәкістанда «Open Asian Taekwondo Championship G-2» турнирі өткен болатын. Әлемдік жарысқа 21 елден 350 спортшы қатысты. Халықаралық турнир қорытындысы бойынша біздің қыздар әйелдер арасындағы  командалық есепте жүлделі I орын алды.

img 1549

Жалпы қазақстандық спортшылар 7 медаль, 3 алтын, 1 күміс, 3 қола жеңіп алды. Турнирдің үздік спортшысы болып Нұрай Хұсайынова танылды.

Әйелдер командасындағы ең жас таеквондошы – Мария Севостьянова. Жасы небәрі – 17 жаста. Мария – ұлттық құраманың ең жас мүшесі болса да ол жастар арасындағы Азия чемпионатының жүлдегері атанды.

img 1548

Исламабадтағы жарыстарда Мария ерекше ептілігімен көзге түсіп, елі үшін алтын медаль жеңіп алды. Ал, Атырау облысынан таэквондо бойынша аға жаттықтырушы Сәуле Сардарова «Best Coach» номинациясы бойынша үздік жаттықтырушы атанды. 

Нұргүл Насыр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз