Атыраулық паратаеквондошылар ел чемпионатында жеңіске жетті 

img 6301 Спорт

10-11 ақпан күндері Ақтөбе қаласында пара таеквондодан ерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп, жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды atr.kz тілшісі. 

Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, бұл сайысқа еліміздің 12 өңірінен 150 спортшы қатысты. Атыраулық спортшылар кезекті мәрте үздік екендіктерін дәлелдей алды.

Соның ішінде 58 келі салмақта өнер көрсеткен  Ғибратжан Бақберген, 80 келі салмақта  Нұрлан Домбаев және ауыр салмақ дәрежесінде Алишер  Гариполлаев  алтын жүлделерге ие болды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз