Атыраулық параспортшылар қоржынында 2 алтын, 1 күміс медаль

whatsapp image 2023 09 20 at 13.09.12 Спорт

 Өскеменде өткен Қазақстан біріншілігіне еліміздің барлық облысынан елу шақты параспортшы қатысты. Екі күнге созылған жарыстың нәтижесінде атырау спортшылары  2 алтын, 1 күміс медальға болды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жеңімпаздардың барлығы «Атырау. Маленькая страна» әлеуметтік қалашығының тұрақты бенефициарлары. 14 жасқа дейінгі жеткіншектер арасында Ернұр Сатыбалды 40х20 шаршы алаңда ат үстінде мәнерлеп жүру бойынша алтын медальге ие болды. Ал ересектер арасында дебютант Аманқос Төлешов алтын жүлдеге қоса, біріншіліктің «Жеке сыйлығын» қанжығасына байласа, Айсұлтан Дюсалиев күміске қол жеткізді.

– Екі жылғы үздіксіз еңбек пен тәртіптің арқасында спортшыларым бүгінгідей керемет нәтижеге қол жеткізді. Үшеуі де «Атырау. Маленькая страна» әлеуметтік қалашығындағы иппотерапия сеансына келіп ем алушылар. Әрине, спортшыға тән мінез бен алғырлықты көріп, үшеуіне де өзім ұсыныс тастадым. Түйсігім алдамаған екен. Бәрі де тамаша өнер көрсетіп, екі ересек спортшым Қазақстан құрамасына өтті. Бұл мен үшін үлкен қуаныш,- деді жаттықтырушы Ерлан Күмісқалиев.

whatsapp image 2023 09 20 at 13.09.09

Оның айтуынша, 13 жасар Е.Сатыбалды параат спортынан биыл екінші рет чемпион атанып отыр. Жалпы бірлестік тарихында параат спорты бойынша үздік көрсеткіштер айтарлықтай. «Атырау. Маленькая страна» қоғамдық бірлестігі иппотерапия мен параспортты біріктіріп, 2020 жылдан бері параат біріншілігінен 7 алтын, 2 күміс, 1 қола ұтып алған.

Айта кетейік, «Атырау. Маленькая страна» 2020 жылдан бері Теңізшевройл компаниясының әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жұмысын жасап жатыр. Биыл да осы жоба аясында №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының балалары иппотерапия курсына қатысып жүр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз