Атырауда бұқаралық спортты дамытуға үлес қосқан ұстаздар марапатталды

img 4180 Спорт

Жыл қорытындысымен елімізде бұқаралық спортты насихаттауға және дамытуға, жас ұрпақтың бойына азаматтық пен патриотизмді қалыптастыру мен дамытуда өз үлестерін қосқаны үшін облыстың дене тәрбиесі және алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары, сондай-ақ мектеп спортын дамытуға үлес қосқан білім беру ұйымдарының директорлары марапатталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Салтанатты шарада облыстық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманова аймақ оқушыларының биыл спорттық бәсекелерде талай топ жарғанын атап өтті.

  • 2023 жылы облыс оқушылары мен студенттері арасында 160 спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Жастарымыз өткізілген сайыстардың арқасында түрлі республикалық, халықаралық бәсекелерде бой көрсетті. Озат оқушы дайындап, жас спортшыларымызды салауатты өмір салтына баулып жүрген бапкерлерге алғысымыз шексіз. Ерен еңбектеріңіз еселене берсін,- деді О.Биманова.

Жыл қорытындысы бойынша жалпы саны 202 ұстаз марапатқа ие болды. Атап айтсақ, Атырау қаласы №19 Қ.Сатпаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Анатолий Лысяк Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты насихаттауға және дамытуға үлес қосқаны үшін және Ұлттық мектеп лигасында баскетболдан жеңімпаз командасын дайындағаны үшін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының Құрмет грамотасымен – 8, аталған орталықтың Алғыс хатымен – 9, Атырау облысы әкімі орынбасарының Алғыс хатымен – 17, Білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен – 15, аталған басқарманың Алғыс хатымен – 15, Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің Алғыс хатымен – 20 ұстаз марапатталды. Сонымен қатар жыл қорытындысының номинацияларымен – 19, аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының Алғыс хатымен – 97, облыстық Полиция департаментінің Алғыс хатымен – 1 азамат марапатталды.

Салтанатты іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз