Университет ұжымы мен студенттер бөгет соғуда

b510f0fa aa03 4072 9c1c 76b5b7c37d3e Шаһар шырайы

Жайық жағалауындағы Бесікті ауылындағы жаға бекіту жұмыстарына С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті ұжымы мен студенттері жұмыла кірісті.

–Бүгінде өңірде болып жатқан жағдай тәулік бойы бақылауда. Университет ұжымы мен студенттері жаға бекіту,  автоволонтерлық және гуманитарлық көмек көрсету бойынша қызметтер атқаруда. Табиғи апат аумағынан эвакуацияланған жандарға университет спорт залынан орын дайындалды. Бүгінде оқу орнының барлық қызметкерлері кезекпен көмек көрсетуде, – дейді С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова.

Мәлике МӘЛІК

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз