Жаңалықтар

Канал жырылып, су деңгейі төмендеуде

Махамбет ауданы Сарайшық ауылында Құрсай каналы жырылып, нәтижесінде мол су сай салаға жайылуда.

Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы таратқан мәлімет бойынша, бұл іс-шараның су деңгейін бақылауда ұстап, оны төмендетуге біраз көмегі тиіп тұр.

–Дегенмен, қауіпті аумақтардағы жаңадан соғылған балдардан су шығып кеткен жағдайлар болды. Сол себепті қосымша бекіту жұмыстарын үздіксіз жүргізіп жатырмыз. 7 мамырдан бері тәулік бойы ұйымдастырылып жатқан кезекшілік те тосын жағдайларды дереу жоюға көмегін беруде, – деді Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жаннат Кенжеғалиева.

Айта кету керек, Сарайшықтағы Құрсай каналының жалпы ұзындығы – 53 шақырым. Канал бойында 11 шаруа қожалығы бар. Бастауын Сарайшық ауылындағы Жайықтан алатын канал Бейбарыс ауылына жақын жердегі Түйеші қыстағынан аяқталады.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button