Сарайшықта сегіз секторда жұмыс атқарылуда
Махамбет ауданы Сарайшық ауылында әр 200 метр сайын кезекшілер бөгетті бақылауда, — деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы.
Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жаннат Кенжеғалиеваның хабарлауынша, кезекшілер арнайы бөлінген
8 сектор бойынша жұмыс атқаруда.
-Сарайшық ауылында тасқыннан қорғану мақсатында салынған бөгеттің жалпы ұзындығы 13,6 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта әр 200 метр сайын кезекшілік қойылды. Кезекшілер 4 сағат сайын ауысып, жағалау тәулік бойы бақыланып отыр, — деді Ж.Кенжеғалиева.
Айта кету керек, Сарайшық ауылында 13,6 шақырым бөгет салынды. Оның ішінде бөгеттің 5,4 шақырымы қайта жаңартылатын, 8,2 шақырымы жаңадан салынды. Ал тасқынмен күреске
200 сарбаз, 14 төтеншелік жұмылдырылды. Бүгінде ауылда
2972 тұрғын, 506 үй бар.