Жаңалықтар

Өзен деңгейі Махамбетте 10 метрге жетті

Жайық өзені Индербор кенті тұсында бір тәулікте 5 сантиметрге төмендеді. Жалпы деңгейі 1030 сантиметрді көрсетті. Бұл шекті мөлшерден 185 сантиметрге артық.

«Қазгидромет» РМК облыстық филиалы мамандарының мәліметінше, Махамбет кентіндегі гидропостта өзен суы 5 сантиметрге көтеріліп, 10 метрге жетті. Қауіпті деңгейден 150 сантиметрге көп. Ал Атырау қаласында өзен суы 560 сантиметрді құрады. Мұнда бір тәулікте су деңгейі 3 сантиметрге өсті. Иректі су қоймасынан секундына 141 текше метр су төгілуде.
Айта кетейік, Жем және Қиғаш өзендерінде су деңгейінің төмендеуі байқалуда.
Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button