Жарнама
Жаңалықтар

Махамбет-Сарытоғай: қайық тасымалы іске қосылды

Атырау облысы Махамбет ауданында Махамбет — Сарытоғай ауылдары арасындағы тас жол жабылып, қайық тасымалы қолға алынды. Бұл туралы аймақтың төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы хабарлады.

Махамбет ауданының ТЖ жөніндегі жедел штабының шешімімен, көп мөлшерде келіп жатқан өр суының бағытын бұру үшін  «Махамбет — Сарытоғай»  ауылын жалғап жатқан тас жолы жырылды. Сол себепті ауыларалық қатынасты үзбеу мақсатында қайық тасымалы қызметі іске қосылды, — делінген ресми хабарламада.

Айта кету керек, Сарытоғайдан Махамбет ауылына жеке көлікпен қатынаушылар  «Сейтек» шайханасы жанындағы айналма жолмен өте алады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button