Экономика

13 отандық өндіруші – ТШО-ның жаңа жеткізушісі

Ел ішіндегі құндылықты дамыту және ірі мұнай-газ жобаларындағы жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында Астанада «Теңізшевройл» ЖШС мен отандық кәсіпорындар арасында бірқатар коммерциялық келісімге қол қою рәсімі өтті. Іс-шараға республика Энергетика министрлігінің, «Мұнай-газ машина жасауды дамытудың халықаралық орталығы» қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары қатысты.

«Теңізшевройл» баспасөз қызметінің хабарлауынша, ТШО Теңіз кен орнында өзіне қажетті жергілікті өнімдер мен қызметтердің кең спектрін қамтитын 13 жергілікті өндірушімен және қызмет көрсетушілермен келісімшарттарға қол қойды. Келісімшарттардағы кейбір назар аударарлық позицияларға «Emerson Kazakhstan» жергілікті өндірілген қысым бергіштері, «Novus Sealing» тығыздағыштары, «Honeywell Kazakhstan» компаниясының қазандыққа арналған бақылау жабдықтары, «Атырау НефтеМаш»-тың күкіртті балқытуға арналған резервуары және құбырлар, фланецтер мен фитингтерге арналған материалдары, «IPSS Caspian» бұрылмалы бітеуіштері, «Asia Filters» технологиялық сүзгілері, «Newtech Systems Group» дәнекерлеу жабындары жатады.

Сонымен қатар, «Studbolt Manufacturing» шпилькалары мен сомындары, «Alageum» ЖШС қосалқы станциялары, «Centech» кабельдік науалары, «PSI Group» қашықтағы бақылау блоктары, сондай-ақ «Gradex» компаниясы орындаған азаматтық құрылыс/инфрақұрылымдық жұмыстары мен электр монтаждау жұмыстары / БӨА бойынша жұмыстары, «UnixStroy» компаниясы іске асыратын азаматтық құрылыс/инфрақұрылымдық жұмыстары бар.

–Теңіз – күрделі кен орын және өндірісті қауіпсіз басқаруды қамтамасыз ету үшін біз өзімізге де, жеткізушілерге де жоғары талаптар қоямыз, – деді «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов. –ТШО сатып алатын тауарлар мен қызметтердегі қазақстандық қамтудың жалпы деңгейін 1993 жылғы 11%-бен салыстырғанда, 2023 жылы 71%-ға дейін жеткізуге септігін тигізген бұл ынтымақтастықты әрі қарай да жалғастыратынымыз сөзсіз.

Жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін қазақстандық тауарлар нарығының тұрақты дамуы «Теңізшевройлдың» даму стратегиясының негізі және Қазақстан экономикасына айтарлықтай пайда әкеледі. Кәсіпорында болашақта тауарларды сатып алу барысында қазақстандық қамтуды алдын ала жоспарлауды, жаңа жеткізушілердің міндеттемелерін, қызметкерлер құрамын оқытуын, отандық тауарларды сатып алуды жүйелі бақылауды қамтитын ынталандыру жүйесі бар. Осындай шаралардың арқасында 2023 жылдың өзінде ТШО қазақстандық кәсіпорындардан 4 миллиард АҚШ долларға тауар, жұмыстар және қызметтер сатып алды. Тауарладың ішінде басым көпшілігі құрылыс материалдарды, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған заттар, дизельдік отын, химикаттар, контейнерлер мен орау материалдарын және т.б. сатып алуға жұмсалды. Жалпы алғанда, 1993 жылдан бері ТШО қазақстандық жеткізушілерден 48 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға тауарлар мен қызметтерді сатып алды.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button