Жарнама
Экономика

Кен орындары оңалтылады

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы 2024-2025 жылдарға жоспарланып отырған Өзен және Қарамандыбас кен орындарын оңалту жобасын жүзеге асыруға 68 млрд. теңге сомасында қаржы бөлетін болды.  Бұл туралы «ҚМГ» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған орай өткізілген жиынға қатысқан акционерлік қоғамның басқарма төрағасының орынбасары Нұрсейіт Сүйіновтың сөзінше, оңалту жобасы аясында биылғы ақпан айында аталған кен алаңдары бойынша қосымша 23 ұңғыма пайдалануға берілген. Бұған дейін қабаттың гидравликалық жарылуы, суасты электроцентрифугалық бұрандалы сорғылардың (УЭЦН) заманауи қондырғыларын түсіру бағытында іс-шаралар жүргізілген. Тұтастай алғанда, осындағы 100-ден астам ұңғымаға заманауи үлгідегі жабдықтар орнатылған.

Одан бөлек, биыл қосымша 31 жаңа ұңғыманы бұрғылау, 200-ден астам суасты электроцентрифугалық бұрандалы сорғыны түсіру, қапталған сорғы-компрессорлық құбырларды пайдалану, ұңғымаларды күрделі жөндеу, мұнай беруді арттыру бойынша жаңа технологияларды қолдану, сондай-ақ жерасты жабдықтарын диагностикалау және жөндеу цехын және екі блокты топтық сорғы станциясын (БКНС) жаңғырту жоспарланған.       

Кен орындарын оңалту жобасының сәтті жүзеге асырылуы  «Өзенмұнайгаздың» мұнай өндіру көлемін бірнеше жыл ішінде кезең-кезеңімен жылына 5,2-5,5 млн. тоннаға дейін арттыруға ықпал етеді. Биылдың өзінде басқарма бойынша қосымша 136 мың тонна мұнай өндіруі қажет. Түпкі мақсат – алдағы 12 жылда бұл межені 19 млн. тоннаға жеткізу.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button