![«Құқықтық тәртіп» қылмыстың алдын алады 1 f1b4c4487ffb0c6f4fd69a464509dba3 original.181674](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/05/f1b4c4487ffb0c6f4fd69a464509dba3_original.181674.jpg)
«Құқықтық тәртіп» қылмыстың алдын алады
Құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидасын нығайту, көшелер мен басқа қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті қолдау мақсатында Атырау облысы аумағында 10 мамырда басталған «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.
Бұл іс-шара көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау мен алдын алуды күшейтуге, вандализм, мүліктің бүлінуі, ұсақ бұзақылық, сондай-ақ жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған. Тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылып жатыр. Сондай-ақ, полицейлер заңнаманы бұзу фактілерін анықтау үшін саяжай алқаптарын, құрылыс нысандарын, базарларды, шаруа қожалықтарын, жалдамалы пәтерлерді аралауда.
Қылмыстың алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Полициялер есепте тұрған адамдарды, қолайсыз отбасылар арасындағы құқық бұзушылықтарды тексеруде. Қылмыстардың алдын алуға бағытталған бұл іс-шара 20 мамырға дейін жалғасады.