Жаңалықтар

Мол су Атырауға келуде

Жайық өзенінің деңгейі Индербор кентіндегі гидропостта бір тәулікте 3 сантиметрге азайды. Мұнда су көлемі қауіпті деңгейден 182 сантиметрге әлі де артық.

Жергілікті гидрологтардың мәліметінше, Махамбет кентіндегі гидро бекетте өзен суы 8 сантиметрге көтеріліп, 1008 сантиметрге жетті. Қауіпті деңгейден 158 сантиметрге көп. Ал Атырау қаласында өзен суы 566 сантиметрді құрады. Мұнда су деңгейі бір тәулікте 6 сантиметрге артты. Иректі су қоймасынан секундына 141 текше метр су төгілуде.
Айта кетейік, Жем және Қиғаш өзендерінде су деңгейі төмендеуде.
Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button