Жарнама
Спорт

Қызылқоғалықтар Азия чемпионатынан жеңіспен оралды

Бүгінде Атырау облысының Қызылқоға ауданында үлкен қуаныш. Жауырындары жер иіскемес жас балуандар Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында өткен Азия чемпионатынан жеңіспен оралды.

Қызылқоға ауданы әкімдігінің хабарлауынша, жасөспірімдер арасында тұңғыш рет ұйымдастырылған джиу-джитсудан өткен Азия ойындарына «дуо микс және файтинг» бөлімдері бойынша 27 елден, 1500-ға жуық спортшы қатысқан. Соның ішінде Қызылқоға аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің 6 спортшысы бар. Жарысқа қатысушы спортшылар 2 қола, 3 күміс, 1 алтын алып, жүлделі оралды.

Жеңіспен оралған жас спортшыларды спорттағы бапкерлері мен ата-аналар салтанатты жағдайда күтіп алды.

Жас спортшылардың жаттықтырушысы Бектұр Тынышқалидың айтуынша, тамыз айында Түркістан қаласында өтетін Орта Азия ашық кубогі мен қарашада өтетін Әлем чемпионатына жаттығу жұмыстары басталған.

Айта кету керек, спорт мектебінде 80-ге жуық спортшы бар. Оның ішінде 20-сы қыз бала.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button