Жарнама
Құқық

«11 жыл қатыгездіктің құрбаны болдым…»

Әлеуметтік желіде Ақмарал Үмбетқалиева есімді келіншек осылай бейнеүндеу жариялады. Оның айтуынша, бұрынғы күйеуі болған Мақат ауданының әкімі Ренат Ибрагимов балалардың көзінше әлімжеттік көрсеткен.

«2023 жылы 31 мамырда Р.Ибрагимов мені «мүгедек етемін» деп тепкінің астына алды. Менің денсаулығыма нұқсан келіп, бір ай бойына жүре алмадым. Осы кезде ол өзінің қызметі мен беделін араға салып, балаларды заңсыз алып кетті. Мен бір жыл бойы оларды көрмедім. Р.Ибрагимов балалармен кездесіп сөйлесу әрекетіме кедергі жасап, оның «олар сені көргісі келмейді» деген жауабын естіп келемін. Оның үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 107 бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалса да әлі күнге жауапқа тартылмады» деген А.Үмбетқалиева бейнеүндеу арқылы құзырлы органдардан көмек сұраған.

Мәселенің мән-жайы бойынша Атырау облыстық полиция департаменті іс ақпан айында сотқа жіберілгенін хабарлады. Ал облыстық сотта іс Атырау қаласының №2 сотында қаралып жатқанын, ол бойынша келесі сот отырысы 29 мамыр күні сағат 10:00 болатынын түсіндірді.

Мақат ауданы әкімінің бұрынғы жұбайының мәлімдемесіне облыс әкімдігі де жауап берді.

«Азамат А.Үмбетқалиеваның бұрын Атырау облысы әкімдігіне жүгінбегенін хабарлаймыз, туындаған мән-жайларға байланысты қызметтік тексеру тағайындалды» деп хабарлады Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, соңғы кезде әйелдер отбасында қорлық көріп, қатыгездіктің құрбаны болғанын жиі айта бастады. Оған тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмысқа теңестіретін заңның қабылдануы себеп болуы мүмкін.

Майра ЕРҒАЛИ

Сурет: КазТАГ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button