![Әскерилер Алмалы ауылында кезекшілікте 1 oltd e1715753392611](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/05/oltd-e1715753392611.jpg)
Қоғам
Әскерилер Алмалы ауылында кезекшілікте
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Атырау қаласындағы Алмалы ауылының жағалауында кезекшілік етуде.
Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабының хабарлауынша, Алмалыдағы Жайық өзенінің 16-20 учаскелерінде Жамбыл облысының 21450 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, сондай-ақ Атырау облысы спорт басқармасының өкілдері тәулік бойы кезекшілік етіп жатыр.
Аталған аймаққа 50-ге жуық сарбаз және 17 мемлекеттік қызметші жұмылдырылған, учаскеде 7 арнайы техника бөлінді.