Жаңалықтар

Құлсары қаласында 150 үйдің құрылысы басталады

Бүгінде су тасқынынан зардап шеккен құлсарылық тұрғындар үшін әрқайсысының ауданы 80 шаршы метрлік 74 типтік үлгідегі үйдің учаскесі белгіленді. Негізгі құрылысты келесі аптада бастау жоспарланды. Бұл туралы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлім етті, – деп хабарлайды облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штаб.

– Тұрғын үйлер облыстық бюджеттің және демеушілердің қаражатына салынады. Құрылысты жергілікті мердігер мекемелер жүргізеді деп жоспарлануда,- дейді Н.Құсайынов.

Шағынаудан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен – жарық және сумен қамтылған, газбен қамту жұмыстары жүргізілуде.

Аумағында екі мың орындық BINOM мектебін салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар 300 орындық балабақша құрылысы басталады. Тұрғындарға арналған шағын аллеялар салу жоспарлануда. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес әлеуметтік нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары басталды.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button