SmartQala: Атырау автобустарында электронды билет жүйесі енгізілді

IMG 3848 24 10 18 11 24 Шаһар шырайы

Smart-картаны қаланың 11 сату нүктесінен – «Тамаша» , «Ардагер» , «Байзар», «Дина», «Насиха», «Көктем», «Мұрагер», «Лимон» сауда орталықтарынан, т/ж вокзалынан, «Авангард», Вокзал маңы ықшамауданының соңғы аялдамасынан, сондай-ақ,  автобус тасымалдаушылардан алып және шотты толтыруға болады.

IMG_3848-24-10-18-11-24

Нөлдік есептегі бір картаның құны – 300 теңгені құрайды.

Smart-карта шотын автобустар тасымалдаушылар арқылы, сату нүктелерінен, Qiwi-терминалдар арқылы және «SmartQala» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асады.

Төлемді көліктегі смарт карта, банк картасы, NFC қолданбасы бар смартфон, QR коды, QR картасы, SMS хабарламалар, Bluetooth, мессенджер және жолсерікке қолма-қол төлем төлей аласыз.

Бұл жүйе қала тұрғындарына жолақыны әдеттегі жалақы немесе зейнетақы алатын банк картасымен төлеуге мүмкіндік береді. Халыққа қолайлы жағдай жасайды, яғни жеке автобус картасын сатып алу және алып жүру қажеттілігі болмайды.

Сондай-ақ, әрбір автобустың кабинасында көрсетілген 9505 қысқа нөміріне нақты автобус нөмірін SMS жолдау арқылы ұялы нөмірдің теңгерімімен төлеуге болады.

– Қазіргі уақытта «SmartQala» мобильдік қосымшасы жұмыс істейді, оның көмегімен төлемнің барлық түрлерін жасауға және карта теңгерімін бақылауға болады. Мобильді қосымшада төлем көзін таңдауға, байланыстырылған банк картасы теңгерімі, Smart теңгерімі немесе мобильді нөмірдің теңгерімі арқылы жол жүру үшін ақы төлеуге болады.

Көп ұзамай бұл қосымша арқылы барлық коммуналдық төлемдерді, жол ақыларын және салықтарды төлеуге болады. Жыл аяғына дейін қосымшада біз автобустардың келу уақытын, бақылау функционалдығын іске қосамыз. Жолаушы қалаған аялдаманы таңдап, жақын маңдағы қоғамдық көліктің нақты келу уақытын аялдаманың онлайн-таблосы арқылы көре алады, – деді «Ѕмart-ТКШ» ЖШС өкілі Ерлан Нұрланұлы.

Бүгінде 54 автобус мобильді терминалдармен жабдықталған. 1 қарашаға дейін қаланың барлық 200 автобусын жабдықтау және оларға QR-кодтар беру жоспарлануда.

– Атырау қаласының қоғамдық көліктерінде электронды билеттер жүйесін енгізу жақсы нәтиже береді. Бұл қозғалыстың ашықтығын қамтамасыз етеді, азаматтардың әлеуметтік санаттары бойынша статистиканы жүргізуге, бюджетке салық түсімдерін арттыруға, қоғамдық көліктерді бақылауға мүмкіндік беретіндігіне сенеміз, – деді Ерлан Нұрланұлы.

Атыраудағы жобаның артықшылығы – төлемдер онлайн-форматта қабылданады және төлемдердің барлық 9 түрі бір интеграцияланған жүйеде жұмыс жасайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз