«Бір пакетпен жүгіріп шықтық…»

84bd5633 c8a5 4123 9d74 d6aaf80800c2 Шаһар шырайы

Сын сағатта «Бір пакетпен жүгіріп шықтық» дейді Құлсары қаласынан Атырауға эвакуацияланған алты баланың анасы 39 жастағы Айнаш Тілепбергенова. Оның сәбиінің ең кішісі 2 жаста. Олар APEC Petrotechnic колледжінің эвакуациялық пунктіне 6 сәуірге қараған түні келді.

–Мұнда бізді жақсы қарсы алды, барлық жағдайы жасалған екі бөлме бөлді. Біз Құлсарыдан түстен кейін шықтық, таңертең су біздің ауылға жақындап, бір пакетпен жүгіріп шығуға тура келді. Күйеуімді отбасына көмектесу үшін 5 күн жұмыстан босатты, біз ауылдан шағын автобусқа отырып, вокзалға жеттік. Құлсарыдан Мақатқа пойызбен жетіп, бізді еріктілер Атырауға алып келді. Эвакуациялық пунктте бізді жақсы қарсы алды, тамақтандырды. Киім-кешектерімізді жуып алуымызға да жағдай жасады. Қажетті заттармен де қамтамасыз етті, – дейді құлсарылық А.Тілепбергенова.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, APEC Petrotechnic колледжінің эвакуациялық пунктіде екі жүз адамға арналған орын дайындалған.
Еске сала кетейік, 31 наурыздан бастап су басу қаупіне байланысты 29 545 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Оның ішінде балалардың саны – 7396. Эвакуациялық пункттерде 8011 мың адам орналастырылған. Оның 4578-і балалар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз