Жарнама
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі штаб үгіт-насихат жұмысын бастады

20 қарашада өтетін кезектен тыс ҚР Президенті сайлауына үгіт-насихат науқаны басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін 21 қазан сағат 18.00-де ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штаб еліміздің барлық өңірінде үгіт-насихат науқанын бастады. Республикалық қоғамдық штабқа 3 парламенттік саяси партиядан және 22 республикалық қоғамдық ұйымдардан тұратын халықтық коалицияның өкілдері кірді», — делінген хабарламада.
Ресми ақпаратта айтылғандай, халықтық коалиция белсенділері еліміздің барлық өңірінде үгіт-насихат материалдарын БАҚ пен әлеуметтік желілерге жариялауды бастады.
«Ертең республикалық қоғамдық штабтың алғашқы отырысы өтеді. Сонымен қатар, келесі аптадан бастап штаб мүшелері сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарға барады. Сондай-ақ, кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штаб әлеуметтік желілерде жеке парақшалар ашты. Онда штабтың іс-шаралары, сайлаушылармен кездесулер туралы барлық ақпарат және өзге де үгіт-насихат материалдары жарияланады», — деп хабарлайды штабтан.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button