Еңбек министрлігі ҚҚС үшін өтемақы енгізілгені туралы ақпаратқа түсінік берді

img 4623 Құқық

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚҚС (қосылған құн салығы) үшін өтемақы енгізгені туралы ақпарат тарап жатыр, ведомство бұған қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еңбек министрлігі мұның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Мессенджерлерде Еңбекмині ҚҚС үшін өтемақы төлемін енгізгені туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат таратылуда. Тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз азаматтар сілтемеге өтуді ұсынады. Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Ведомство азаматтарға мұндай сілтемеге өтпеуді ескертті.

«Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады. Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз»деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз