Жақсы жұмыс қайда бар?

screenshot 25 1 Қоғам

ХАЛЫҚ АРАСЫНДА «ЖҰМЫСЫ ЖОҚТЫҢ – ЫРЫСЫ ЖОҚ» ДЕГЕН СӨЗ БАР. АЛ, ҚОҒАМДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІ АДАМДАРДЫ ШАРАСЫЗДЫҚҚА ТІРЕЙТІНІ БЕЛГІЛІ. БҰЛ БАҒЫТТА ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІ, «АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ», «ҰРПАҚТАР КЕЛІСІМ-ШАРТЫ», «КҮМІС ЖАС», ӘЛЕУМЕТТІК, ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ СЕКІЛДІ ТҮРЛІ ЖОБАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНҒАНЫМЕН, ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПРОБЛЕМАСЫ ӘЛІ ТҮБЕГЕЙЛІ ШЕШІЛЕ ҚОЙҒАН ЖОҚ. СЕБЕБІ, ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРІ КӨП БОЛҒАНЫМЕН, БАСЫМ БӨЛІГІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ МАРДЫМСЫЗ. АЛ, АЗ ЕҢБЕКАҚЫ АДАМДАРДЫҢ ҚАЖЕТІН ӨТЕП, ЖҰМЫСҚА ДЕГЕН ЫНТАСЫН АРТТЫРА АЛА МА?

ЖӘРМЕҢКЕ ЖАС ТАЛҒАМАЙДЫ Таяуда қаладағы қоғамдық көліктердің бірінде жүргізуші болып жұмыс істейтін танысымды жастарға арналған бос жұмыс орындары жəрмеңкесінен жолықтырдым. Аты ғана жастарға арналған демесеңіз, мұнда жасы 60-ты алқымдап, зейнет жасына жақындағандар да, нəсібін іздеген жастар да жүр. Танысымнан жұмысы бола тұра жəрмеңкеге келуінің себебін сұрап едім, ол да тосылып қалмады. – Бір күн демалыс алып бос жұмыс орындарына түйіндеме тапсыруға арнайы келіп тұрмын. Жасыратын несі бар, жұмысым болғанымен айлығы аз. Ал, менің бір басымда бірнеше несием бар. Басқалар ойлайтындай уақ-түйекке бола қарыз алғаным жоқ. Жолдасым екеуміз де жұмыс істеп, ақша тауып жатсақ та, өздеріңіз білетіндей, инфляция ырыққа көнбей барады. Мектепте, жоғары оқу орнында оқитын балалар бар. Солардың қажетін тауып беру де оңай болмай тұр. Қазіргі жұмысым жаман емес, бірақ, жалақысы жоғары жұмыс болса артық етпес деген оймен келдім, – деді танысым.

Жəрмеңкеге келген халықтың бəрі де өздеріне ыңғайлы, жалақысы жоғары жұмыс тапқысы келеді. Іс-шара өтіп жатқан үлкен ғимараттың ауласында кезек күтіп тұрған жұмыссыздардың қарасы көп. Қолдарына түйіндемелерін алып, үмітпен келгендердің қатарында өрімдей жастар, карантин кезінде жұмыстан босаған жəне «Теңізшевройл» ЖШС іске асырып жатқан Келешек кеңею жəне ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасынан босатылған азаматтар бар.

О б л ы с т ы қ ж ұ м ы с п е н қамтуды үйлестіру, əлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйымдастырған жəрмеңкеге 40- тан астам кəсіпорын, мекеме қатысып, 1030 бос жұмыс орнын ұсыныпты. Олардың ішінде жұмысшы жəне инженерлік мамандықтар бойынша сұраныс жоғары екен.

– Жəрмеңкеде ұсынылған бос жұмыс орындарының 580-і жұмысшы мамандықтары-на, 440-тан астамы инженерлік позицияларға сұраныс білдіріп отыр. Биылдан бастап Ұлттық жобалар шеңберінде ашылып жатқан жұмыс орындарына 10,6 мың адамды жұмыспен қамту көзделген болатын. Сол мақсатта осы жəрмеңкені ұйымдастырып отырмыз. Бұл – облыс бойынша халықты жұмыспен қамту бағытындағы ірі шаралардың бірі. Оның барысында азаматтарға жұмыспен қамту саласында енгізілген өзгерістер туралы хабардар етіледі, – деді басқарма басшысының орынбасары Еркебұлан Əбілқасымов.

БОСАҒАДА ҚАЛҒАН ҚАЙРАН ТІЛ…

Б и ы л д ə н е к е р л е у ш і мамандығы бойынша оқу оқыған Айдар Жұмалиев жұмыс берушілер отырған үстелдегі қажетті мамандықт ардың а т ау л а р ы о р ы с т і л і н д е жазылғандығын айтып, оны еркін түсіне алмай отырғанына шағымданды. Байқағанымыз, шараны ұйымдастырушылар мемлекеттік тілді ескерусіз қалдырыпты.

М е к е м е л е р м е н компаниялардың үстеліндегі əр қағазға біз де үңіліп көргенбіз. Бір өкініштісі, Республика күні қарсаңында өткізілген шарада мамандық атауларының барлығы өзге тілде жазылған. Бұл мемлекеттік тілге деген құрметсіздік емес пе? Осы мəселе бойынша кəсіпорын, мекеме өкілдерінен себебін сұраған едік, «біз білмейміз, ұйымдастырушылардан сұрап көріңіз» деген жауап алдық. Халықтың басым бөлігі қазақ тілді өңір үшін бұл қаншалықты əділетті? Жұмыс іздеген жандар арасында орыс тілін мүлдем түсінбейтіндері де болуы мүмкін екендігі неге ескерілмеген? Жұмыс іздеп, қолдау күтіп келг е н ж ұ м ы с с ы з х а л ы қ қ а түсінікті тілде неге қызмет ұсынылмайды? Осы мəселеде жəрмеңкені ұйымдастырып жатқан басқарма мамандарынан сұрағанымызда, сұрағымыз жауапсыз қалды. Бұл жағдай басқарма тарапынан алдағы уақытта ескеріліп, шешімін табар ма екен?

МИНИСТР ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛА МА?

Б а с қ а р м а б а с ш ы с ы орынбасарының айтуынша, облыста жыл басынан бері 36 жəрмеңке өтіп, 750-ден астам адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Биыл шілде айында Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова облысқа келген жұмыс сапары барысында өңірде Ұлттық жобалар шеңберінде ашылып жатқан жұмыс орындарына жұмысқа орналасу көрсеткіші əлі де төмен екендігін, кейбір аудандарда мүлдем жүргізілмегендігін айтқан болатын. А л , ж ұ м ы с п е н қ а м т у орталықтарына тіркелмей жүрген адамдардың санын есептесек, статистикадағы сандардың əлдеқайда төмен екендігін аңғаруға болады.

Жұмыс іздеушілер жоғары жалақы іздеп, жайлы өмір сүруді аңсайды. Жұмыссыздық адамдарды əлеуметтік теңсіздіктерге əкеліп, түрлі келеңсіз оқиғаларға итермелейді. Сондықтан бұл мəселеге қоғам болып назар аударатын уақыт жетті.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз