Тозығы жеткен үйлер жаңарады

screenshot 26 1 Қоғам

ЕЛІМІЗДЕ ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ҚАЙТАДАН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР. АЛ, ОБЛЫСТА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ДЕ АЗ ЕМЕС. ҚАЛА ӘКІМДІГІНІҢ ТАПСЫРМАСЫНА СӘЙКЕС, «НҰРЛЫ ЖЕР» ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ 2020-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БИЫЛ 27 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙГЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ БАСТАЛҒАН ЕДІ. БҰҒАН ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 1,627 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН. ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ 15 МЕРДІГЕР КОМПАНИЯҒА ЖҮКТЕЛГЕН. БҮГІНДЕ 6 ҮЙДІҢ ЖӨНДЕУІ АЯҚТАЛЫП, БАСПАНА ИЕЛЕРІНЕ ТАПСЫРЫЛДЫ. ТАҒЫ 6 ҮЙДІҢ 14 ЖЕДЕЛСАТЫСЫН АУЫСТЫРУ КӨЗДЕЛГЕН.

ТҰРҒЫНДАР ТЕРМОЖАҢҒЫРТУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қайрат Хабиевтің айтуынша, қыркүйекте Вокзал маңы 3а шағынауданындағы №20а, 21а үйлердің жөндеуі аяқталған.

– Былтыр «Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрс ету » Ж Ш С , қ а л а д а ғ ы п ə т е р и е л е р і кооперативтерімен бірлесіп, күрделі жөндеуді қажет ететін үйл ердің тұрғындарымен кездесулер өткіздік. Тұрғындардың көпшілігінің келісіміне сəйкес қаржы бөлініп, жоба жасалды. Енді үйлерді тапсыру жұмыстары жүріп жатыр. Бөлінген қаражатты тұрғындар 10 жылдың ішінде өз есебінен қайтаруы тиіс. Мердігерлердің жұмысын бақылап, сапалы атқарылуын қадағаладық. Алдағы уақытта тұрғындарды үйлерді күтіп ұстауға шақырамыз. Келесі жылы терможаңғыртудан өтетін үйлердің қатарын көбейтуді жоспарлап отырмыз, – деді Қайрат Тауфихұлы.

Жа қ ы н д а Ж . Д о с м ұ ха м бе то в көшесіндегі №5 үй, С.Датов көшесіндегі №11а үй, Авангард-4 шағынауданындағы №21 үй күрделі жөндеуден өтіп, келісім-шартқа сəйкес тапсырылды. Бұған өзіміз де куə болдық. Төрт айға созылған жөндеу жұмыстарына 173 миллион теңге жұмсалған. Б а ғ д а р л а м а к о м м у н а л д ы қ инфрақұрылымды жақсартуға, қыс кезінде қолайлы жағдай жасауға лайықталған. Терможаңғыртудан өткен үйлердің тұрғындарының айтуынша, жарты ғасырдан астам уақыт ішінде кіреберіс, шатыр, инженерлік құрылымдар, су жəне жылу құбырлары жарамсыз болып келген.

Ал, ПИК өкілдерінің сөзінше, тұрғындар өздері бастама көтеріп, терможаңғырту жасауды қолдапты.

– Біз өз күшімізбен осындай ауқымды шаруаны атқара алмас едік. 50 жылдан бері осы үйде тұрамыз. Шыны керек, үйіміз азып кетті. Үйімізді жаңғыртудан өткізу үшін мердігер мекемені тұрғындардың өздері іздеп тапты. Олардың қала бойынша атқарған жұмыстарын көрдік. Терможаңғыртудан өткен үйлердің тұрғындарымен сөйлескенімізде, олар да осы мекеменің жұмысын оң бағалады. Көңіліміз толады. Басқа көршілеріміз де қызығушылық танытып отыр. Бірнеше жылдан бері жөндеу көрмеген үйдің ажары кіріп қалды. Сондықтан, барлық тұрғындарды осы бағдарламаға қатысуға шақырамын. Үйге жөндеу жасаған мердігер мекеме мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне алғыс айтамын, – деді №5 үйдің тұрғыны, зейнеткер Ирина Любина.

ІРГЕТАСТАН БАСҚАНЫҢ БӘРІ ӨЗГЕРГЕН

Жо б а д а қ а р а с т ы р ы л ғ а н д а й , терможаңғыртудан өткен үйлердің шатыры толық ауыстырылып, үйдің қасбеті мен төменгі қабаты жаңартылып боялған. Балкон сырты пішінді металл материалмен қапталып, электр жүйесі жаңартылыпты. Əр үйдің кіреберісіне домофон жүйесі орнатылып, кірмедəліз терезелері түгелдей пластикпен ауыстырылды. Кіреберіске толықтай күрделі жөндеу жүргізіліп, еденіне тақтатас төселген. Жертөле де құрғатылып, кəріз, жылу, ыстық жəне салқын су жүйелері түгелдей заманға сай өткізгіштігі мен төзімділігі жоғары материалдармен алмастырылды. Үйдің алдына орындықтар да қойылған. Мамандардың айтуынша, жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп, мерзімінде тапсырылмақ.

– Қ а л а б о й ы н ш а 1 0 ү й д е терможаңғырту жұмысын жүргізіп ж ат ы рм ы з . Б е к і т і л ге н ке с т е ге сəйкес, алғашқы екі үй мемлекеттік қабылдауға дайын, тиісті пəтер иелері кооперативтерінің қарамағына өткіземіз. Тұрғындар дəн риза. Барлығы уақытында жасалып жатыр, əр үйге 20-30 адам жұмылдырылды. Жұмыс барысында кездескен мəселелерді тұрғындармен ақылдаса отырып, шешуге жұмыстанамыз. Басқа үйлерді де жоспар бойынша тапсырамыз, – деді мердігер компанияның өкілі Рүстем Қабдол.

Терможаңғыртудың игілігін көрген тұрғындар қытымыр қыста төбеден су ағып, іргеден жел өтпеуін тілеп отыр. Осылайша, мердігер мекемеге сенім артса, үйлерін жөндеп алу тұрғындардың өз қолында. Қазір тұрғын үй инспекциясы бөлімі мен «Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС жəне ПИК мамандары бірлесіп, жүйелі жұмыс атқарып отыр. Өйткені, кондоминимум нысандарын жөндеу жəне терможаңғырту жүргізудің қажеттілігін түсіндіру үшін көпқабатты үйлер тұрғындарымен кездесулер ұйымдастыру – басты мəселе. Осындай кездесулердің нəтижесінде осы бағдарлама бойынша жөндеу жасауға қатысуға ниет білдіргендер қатары біршама артып отырғанын айта кеткен жөн.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз