«Сәлем, ауыл!»

arrppara Қоғам

Жуырда «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Индер ауданы Елтай ауылының «Жас өркен» демалыс лагерінде жастарға арналған «Сәлем, ауыл!» шарасы өтті.

Халқымыздың өмірге келіп, кіндік қаны тамған, өсіп-өнген ортасы – ауыл. Сондықтан онымен бүгінгі жас өскінді жан-жақты таныстыру, ауыл тірлігін көрсету, қазақтың шыққан тегі мен ұлттық салт-дәстүрін бойына сіңіртіп отыру ләзім. Осыларды  мақсат тұтқан шараға этнос, қала мен аудан жастары қатысты. 

Лагерьде өткен алғашқы күні олар бір-бірімен жақынырақ танысып, тимбилдинг, «Алтын сақа» ойындарын ойнап, өз таңдауларымен салт-дәстүрден тамаша көріністер қойды. Сонымен бірге, интеллектуалды ойындарға белсене қатысып, ұтқыр да ұтымды жауаптар қайтарды. Жастар лагерьдегі екінші күні Бөдене ауылында, табиғат аясында құрылған киіз үйде болды. Ұлдар жағы қой сойып, отын жарса, қыздар сиыр сауып, бауырсақ пісірді. Ат жалын тартып, шауып үйренді. Ал, кешкілік бәрі дастархан басына жиналып, лагерьде өткізген күндерінен әсерлі әңгімелер айтты.

– Менің Қазақстанға келгеніме 9 жылға аяқ басты. Осы уақыт ішінде талай қаланы аралап көрдім. Соның ішінде Атырау маған қатты ұнады. Осында келгеніме сондай қуаныштымын. Жастардың жазғы лагері арқасында қазақтың қонақжайлығы мен кеңдігіне көзім жетті. Маған бәрі ұнады, алған әсерім ұшан-теңіз, – дейді «Новруз» әзірбайжан этномәдени бірлестігі «Жастар қанатының» төрағасы  Магомед Ахмедов.

Лиза СЕЙТІМОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз